Қамқорлық акциясв » №32ОРТА МЕКТЕП
Almaty region
Municipal public institution
"№32 орта мектебі"
Education Department of Ili district
Reception room :
+7(72752) 53-840
bookkeeping:
+7(72752) 53-840
Version for
visually impaired
» » Қамқорлық акциясв
18
January
2019

Қамқорлық акциясв

«Қамқорлық» республикалық акциясы

Құйған ауылы №32 орта мектебінде 10 қаңтар – 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы басталғандығы туралы хабарлайды. Бұл акцияның мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік себептер (киімдерінің, аяқ киімдерінің, мектеп құралдарының жоқтығы) бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу. Акция барысында айлық жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Жоспар негізінде бекітілген мөлтекаудан бойынша 0-18 жас аралығындағы балалар тізімі анықталады. Рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, тұрмысы қолайсыз отбасылардың үйлері араланады. Акция аясында әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға көмек көрсетемін деген демеушілер төмендегі телефон нөміріне хабарласа алады: 87275253840.

Іле ауданы
Құйған ауылы
«№32 орта мектеп» МКМ
Әлеуметтік педагог Жақсылық Балғат Серікқазықызы