Онлайн форматта өткен бастауыш сынып мұғалімдерінің аудандық семинары » №32ОРТА МЕКТЕП
Almaty region
Municipal public institution
"№32 орта мектебі"
Education Department of Ili district
Reception room :
+7(72752) 53-840
bookkeeping:
+7(72752) 53-840
Version for
visually impaired
» » Онлайн форматта өткен бастауыш сынып мұғалімдерінің аудандық семинары
11
December
2020

Онлайн форматта өткен бастауыш сынып мұғалімдерінің аудандық семинары

Семинардың басты мақсаты: Білім алушылардың оқу нәтижелерінің сапасын арттыру мақсатында білуге, өздігінен тапсырманы орындай алуға, оқыту үшін бағалаудың табысты құралдарын білім беруде тиімді қолдануға үйрету.
    Аудандық білім бөлімінің әдіскері Г.Т.Турманбетованың ұйымдастыруымен қашықтықтан оқытуға байланысты онлайн форматта аудандық семинар зум платформасы арқылы ж8зеге асырылды..Семинарға ауданның әр мектептерінен 51 бастауыш сынып мұғалімдері таратылған ссылка арқылы зумға тіркелді. Семинардың жалпы оқу бағдарламасымен тіркелген мұғалімдерге таныстыру барысы орындалды. Бағдарлама бойынша бастауыш сынып мұғалімдері Керимкулова Лаура Рахымжановна 1 сыныпта  дүниетану пәнінен «Күн тәртібі», Ойшыбаева Жанара Аскарбековна 1 орыс сыныбында оқу сауаттылығынан «Звуки /Б/ Буква «Б,б»,Төлек Салтанат Қадыралықызы 2 сыныпта матемтика пәнінен «Минут» және Умирзакова Назира Дүйсехановна 4 сыныпта жаратылыстану пәнінен «Судың еріткіштік қасиеті» тақырыбында ашық сабақтар өтті. Ашық сабақта пән мұғалімдері сабақ мақсатына жету үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолданып бірнеше тапсырмалар берілді. Тапсырмалардың орындалуын оқушылар видео арқылы мұғалімге жеткізді. Барлық тапсырмалар критериалды бағалау арқылы нәтижеге жетті.Семинар соңында сөз кезегі аудандық білім бөлімінің әдіскері Г.Т.Турманбетоваға сөз берілді. Өз сөзінде аудан мектептерінің мұғалімдеріне және семинар өткен мұғалімдерге кері байланыс айтылды. Сонымен қатар аудан мектептерінің мұғалімдері де өз пікірлерімен бөлісті. Соңғы сөз мекеме басшысы Д.А.Кушекбаеваға берілді. Өз сөзінде барлық мектеп мұғалімдеріне ізгі ниетпен шығармашылық табыс тіленді.