13
январь
2025
Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың туғанына-113 жыл
Бүгін қазақтың мақтанышы,ұлы дарыны,дарынды ғалым,қоғам қайраткері Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың туғанына-113 жыл,қазақтың асыл перзентінің туған күні.Құйған ықшам ауданы 32 орта мектептің 11-сынып оқушысы,көркем сөз шебері Тохтахунова Іңкәр “Димаш ата” өлеңін Алматы қаласында Д.А.Қонаев атындағы мұражайда,Ұлы тұлғаға арналған үлкен жиынға мәнерлеп оқып,жиылған көрермен қауымның қошеметіне бөленді.Димаш Ахметұлына ұқсаған елін,жерін шексіз сүйетін,елі мен жерінің көркеюіне үлес қосатын дарынды,көшбасшы жастарымыз көп болсын! Қазақстан жасай берсін!

