30
январь
2025
Қалалық семинар
Құйған ықшамауданы №32 орта мектепте 30-қаңтар күні "Ертегілер елінде" атты қалалық семинар өткізілді.Семинарымыздың мақсаты: Оқуға құштар мектеп жобасы аясында қазақ ертегілерінің мағынасы, идеясын терең түсіну арқылы жан-жақты даму, оқушыларды кітап оқуға, ертегілерді оқып-түсінуге, сүюге тәрбиелеу. Семинар Жаңаарна аулындағы №35 орта мектеппен бірлесіп ұйымдастырылды. №32 орта мектеп оқушылары "Алтын сақа" ертегісін қойса, №35 орта мектеп оқушылары "Белоснежка и семь гномов" ертегісінен үзінділер көрсетті. Семинар барысында қазақ тілі пәні мұғалімі Айна Манарбекқызы кітапханашылармен "Ертегілер халық қазынасы" атты танымдық сабағын өткізіп, семинар соңында мектеп өнерпаздарының өнерлерін тамашалады.