08
август
2018
Республикалық акция "Мектепке жол"
«Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы биылғы 2018-2019 оқу жылында «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету» ұранымен бастады. Акция Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен тамыз және қыркүйек айларында ұйымдастырылады. Қайырымдылық шарасының мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу болып табылады. Жыл сайынғы өткізіліп жатқан осынау шараға демеушілер тарапынан көрсетілген көмектер мен қолдаулардың үлесі зор. Биыл да республикалық «Мектепке жол» акциясына барлық деңгейдегі мекеме басшыларына, округ әкімі, кәсіпкер азаматтарға, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдарға сұраныстар таратылды.
Құйған ауылы #32 орта мектептің әлеуметтік педагогы Жақсылық Балғат Серікқазықызы
Құйған ауылы #32 орта мектептің әлеуметтік педагогы Жақсылық Балғат Серікқазықызы