«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы » №32ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№32 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72752) 53-840
Есепші бөлімі:
+7(72752) 53-840
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы
29
январь
2021

«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы

2021 жылдың 19 қаңтардан 29 қаңтар аралығында  Құйған ауылы №32 орта  мектебінде «Қауіпсіз мектеп автобусы үшін»  атты ұранмен «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы өтті.
Акцияның мақсаты – оқушыларды білім алу орнына тасымалдауды ұйымдастыруда қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету. Сондай-ақ балаларды мектеп автобусымен тасымалдауды жүзеге асыру барысында жол-көлік оқиғасының алдын алу.
Мектеп автобустарының жүргізушілеріне жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол қозғалысы ережесінің бұзылуына жол бермеу тақырыбында нұсқаулықтар өткізілді. Сонымен қатар, балаларды мектепке тасымалдаудың қауіпсіздігін сақтау мақсатында сынып жетекшілері оқушыларға  жол қозғалысының ережесін түсіндірді, өзін қорғау шаралары бойынша қауіпсіздік сабақтар мен сынып сағаттарын өткізді. Бастауыш сынып оқушылар және ата-аналарымен «Жарқын бол!» тақырыбына сынып сағаттарын және сурет көрмесін ұйымдастырдық. Осы сынып сағаттарын Facebook  желісіне салдық. 
Бастауыш сынып оқушылар арасында  суреттер байқауы болды.
Акция  шеңберінде балаларды тасымалдауда және жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелері туралы балаларға, ата-аналарға  ескертулер берілді. 



Утегенова Г.К.
Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары