Жанында жүр жақсы адам... » №32ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№32 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72752) 53-840
Есепші бөлімі:
+7(72752) 53-840
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жанында жүр жақсы адам...
28
август
2018

Жанында жүр жақсы адам...

Жанында жүр жақсы адам...
Құйған ауылы №32 орта мектебі жалпыға бірдей білім беру айлығында өткізіліп жатқан «Мектепке жол» акциясын қарқынды өткізуде. Мектеп бойынша 13 оқушы тізімге ілінді. Тізім округ әкімімен келісіліп, сұраныстар таратылды. Тізімдегі оқушыларға демеушілеріміздің көмегімен көмек берудеміз. Атап айтсақ, РСУ мекемесінің басшысы Досаев Серік Төкенұлы толық емес отбасынан шыққан 3 оқушыны мектеп формасымен қамтамасыз етті. Өтеген батыр кентінің жеке кәсіпкерлері Шатырбекова Назифа және Керимкулова Гулмира аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыға мектеп формасын алып берді. Жыл сайын көмек қолын созып отыратын ауылымыздың жергілікті дүкенінің, атап айтсақ «Құйған» дүкенінің иесі Радченко Валентина толық емес отбасынан шыққан 1 оқушыға сөмке, мектепке қажет оқу-құралдарын және «Рауан» дүкенінің иесі Кенесбаева Бакытгул көп балалы отбасынан шыққан 1 оқушыға мектепке қажет оқу-құралдарын алып берді. Осы тұрғыда мектеп ұжымы және ауыл тұрғындарыда елеусіз қалып жатқан жоқ. №32 орта мектеп әкімшілігі демеушілерімізге, мектеп ұжымына және ауыл тұрғындарына алғысын білдіреді.
«Мектепке жол» акциясы қыркүйек айының 30 күніне дейін жалғасады. Ал әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмектесемін деген ақ ниетті азаматтар болса, 8-727-525-38-40 телефонына хабарласып, қол ұшын беруге болады.

Әлеуметтік педагог Жақсылық Балғат Серікқазықызы
Құйған ауылы №32 орта мектеп