Акция Қамқорлық » №32ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№32 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72752) 53-840
Есепші бөлімі:
+7(72752) 53-840
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Акция Қамқорлық
21
январь
2019

Акция Қамқорлық

Құйған ауылы №32 орта мектепте 2018-2019 оқу жылында жалпы оқушы саны-225 оның ішінде аз қамтылғаны -80 оқушы, толық емес отбасынан-46 оқушы,көп балалы отбасынан -34 оқушы бар.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 9 қаңтардағы №6-15-3/59-И «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясын жүзеге асыру мақсатында Алматы облыстық білім басқармасының 09.01.2019 жылғы №11-н бұйрығының негізінде , Іле аудандық білім бөлімінің «Қамқорлық акциясын өткізу туралы» 17.01.2019 жылғы №56-бн/қ бұйрығын басшылыққа ала отырып, мектепте «Қамқорлық» республикалық акциясы ұйымдастырылды. Мектепішілік бұйрық шығарылып,жұмыс жоспары жасалып, жоспарға сәйкес іс-шаралар өткізіліп жатыр.

Мектепішілік комиссия құрылып, мектептегі жартылай жетім, аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларының ішінен мүлдем жағдайы жоқ оқушылар анықталып, соларға көмек көрсету үшін Жетіген, Өтеген батыр және Құйған ауылындағы демеушілерге сұраныстар жіберілді.
«Мир» ауылдық әйелдер қоғамының директоры Арсымазы Патима Режетовнаға 3 оқушы, РСУ-1 мекемесінің бастығы С.Т.Досаев мырзаға 2 оқушы, Жетіген ауылдық округінің әкімшілігіне 3 оқушының, Жетіген ауылдық орталық мешітінің бас имамы Б.Жанабаевқа 3 оқушы, , Құйған ауылы «Құйған» дүкенінің қожайыны В.Радченкоға 1 оқушының, Өтеген батыр кентіндегі ИП Шатырбекова Н. 1 оқушының және «Рауан» дүкенінің қожайыны Б.И.Кенесбаеваға 1 оқушының тізімі берілді .
Мектептегі мұғалімдерге «Қамқорлық» республикалық акциясының жұмыс жоспары таныстырылып, сыныптарға және ауыл тұрғындарына үгіт-насихат жүргізілді. Акцияның басталуы туралы интернет желісіне хабарландыру жарияланды және жергілікті «Іле таңы» газетіне мақала жіберіліп қойылды. Атап айтсақ: Интаграм @ile_audany_32ortamektep, фейсбук otyz eki mekteр, ватсапп және мектеп сайтына 32-ileaud.mektebi.kz.

Похожие публикации:

27 сентябрь 2018 Мектепке жол
27 сентябрь 2018 Мектепке жол