Жақсылық жасауға асығайық! » №32ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№32 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72752) 53-840
Есепші бөлімі:
+7(72752) 53-840
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жақсылық жасауға асығайық!
06
февраль
2019

Жақсылық жасауға асығайық!

Жақсылық жасауға асығайық!
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» — деген екен дана халық. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске әрбір адамның азаматтық парызы.
Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.
Республикалық «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы дәстүрлі түрде жыл сайын өз жалғасын тауып келеді. 2019 жылдың 10.01 – 10.02 аралығында дәстүрлі «Қамқорлық» республикалық акциясы өткізілді. Маңызды міндетіміз қамқорлық жасау. Жоспарға сәйкес қаңтар айының 25 күні №32 орта мектебімізде «Бәрі сүйіспеншіліктен басталады» атты қайырымдылық концертіміз өтті. Концерттен түскен қаражатқа ААҚҚ отбасынан шыққан бір оқушыға және демеушілер мен мектеп ұжымы тарапынан әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушыларға көмек көрсетілді. Көмек қолын созған демеушілерімізге атап айтсақ, Өтеген батыр кентіндегі ИП Шатырбекова Н., Құйған ауылы «Рауан» дүкенінің иесі Кенесбаева Б. және мектеп ұжымына алғысымызды білдіреміз.


Құйған ауылы «№32 орта мектеп» МКМ
Әлеуметтік-педагог Жақсылық Балғат Серікқазықызы

Похожие публикации:

27 сентябрь 2018 Мектепке жол
27 сентябрь 2018 Мектепке жол