Аттестат тапсыру салтанаты. » №32ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№32 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72752) 53-840
Есепші бөлімі:
+7(72752) 53-840
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Аттестат тапсыру салтанаты.
16
июль
2022

Аттестат тапсыру салтанаты.

 "Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша" білім бөлімі мемлекеттік мекеме басшысының 07.06.2022жығы №327 хаты негізінде мектепшілік "Аттестат тапсыру салалтанатты іс-шарасын өткізу" туралы мектепшілік №145 бұйрығы шығарылып,жұмыс жоспары құрылды.Жұмыс жоспарына сай мектеп алаңын безендіру жұмыстары жүргізіліп,концерттік бағдарламалар дайындалды.
 Салтанатты аттестат тапсыру жиыны ағымдағы жылдың 16-ші маусым күні 19:00 -ден 10:00 аралығында "ТҮЛЕК 2022-Жаңа Қазақстанның ертеңі!" тақырыбында өткізіліп, 11 шы сыныптан  10 оқушы қатысты.
 Салтанатты жиынның алғы сөзін мектеп басшысы Д.А.Кушекбаева құттықтаумен ашып,жас түлектерге сәтті сапар тілеп, ҰБТ ден жоғарғы балл алып,қалаған мамандықтарының иесі болуды тіледі.
 Салтанатты жиын мектеп түлектері әзірлеген концерттік бағдарламасымен жалғасты.
 Іс- шара өткізуге аниматорлар,мерекелік агенттіктер,жеке студияларды тартуға,сән-салтанатты өткізуге,салтанатты дастархан ұйымдастыруға,прокатқа машина алу арқылы ауыл ішінде қыдыруға тиым салынды.Мектеп оқушыларымен жасөспірімдердің өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жадынамалар таратылып,ескертулер айтылды.
 2022 жылдың 16 маусым күні жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен оқыс-оқиғалардың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігі,мектеп ұжымынан құрылған еріктілер тобы жіне 9-11 сынып жетекшілерін қатыстыра отырып рейд кестесі құрылды.