"Тамақтану бойынша акция" » №32ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№32 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72752) 53-840
Есепші бөлімі:
+7(72752) 53-840
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
январь
2020

"Тамақтану бойынша акция"

Құйған ауылы

«№32 орта мектеп» МКМ

                                                                  Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.К. Утегенова

«Салауатты тамақтану-қазіргі заманғы өмір стилі»

Тамақтану адамның қалыпты тіршілік қызметі мен дамуы үшін қажет. Сапасыз немесе жеткіліксіз тамақтану организмнің тіршілік қызметін бұзуы,   өсудің кешеуілдеуі, жұмысқа қабілеттілігінің нашарлауы, түрлі ауруларға деген қарсылығының кемуі, қоршаған ортаның зиянды әсерлері алдындағы ағзаның төзімділігінің төмендеуі. Осы қағиданы ұстана отырып, №32 орта мектепте «Салауатты тамақтану- қазіргі заманғы өмір стилі» тақырыбына акция өтті. Акцияға мектеп  мұғалімдері мен оқушылар  белсене қатысты.  Мектеп асханасының қызметкерлерімен тамақ блогында тазалықты қамтамасыз ету, ыстық тамақ дайындау технологиясын, азық-түлік сақтау ережесімен әңгіме өткіздік. Мектепте көп балалы, азқамтылған, толық емес отбасынан шыққан 104 оқушы тегін жеңілдетілген ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.Жалға алушының   есебінен 15 оқушы тегін  тамақ ішеді.  Мектеп асханасын жалға алушы  А.Н.Фетисова өз жұмысына ұқыпты,асхана тазалығына көп көңіл бөледі. Асхана мәзірі күнделікті ауысып тұрады. Оқушылар мен ата-аналардан шағым жоқ.

 



Акция ең алдымен белсенді қатысқан мектеп оқушыларына қатты ұнады. Жоғары сынып  10 «А» сынып оқушылары және  сынып жетекшісі П.И.Тохтиеваның ұйымдастыруымен  фойеде пайдалы және дәрумендерге бай тағамдарды атап өтті. Өздері дайындап келген тағамдармен таныстырды және қай тағам зиянды екенін оқушыларға түсіндірді. Шеф –аспазшылар рөлінде бола отырып, балалар мектеп оқушыларына салауатты тамақтың пайдасы және фасфудтың зияны туралы айтып өтті. 


7,8 орыс сыныптарда сынып жетекшісі Г.Х.Оспанова, 6 «А» сыныпта сынып жетекшісі Ж.С.Жақсылық  «Салауатты тамақтану» тақырыбына пікір- талас өткізді.